«Ордабасыдан» ең көп жалақының бірін алған легионер кетті

11.04.2025, 13:05

Асхат Тағыбергеннен де көп айлық алған украиналық футболшы Евгений Макаренко шымкенттік клубпен қош айтысты.

«Ордабасыдан» ең көп жалақының бірін алған легионер кетті
Евгений Макаренко

Бұл туралы «Серый CARDINAL» телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.

Украиналық жартылай қорғаушы шымкенттік командада екі маусым доп тепкен болатын. Ол осы аралықта «Ордабасы» жейдесінде ҚПЛ-де 25 матчта өнер көрсетіп, екі голдың авторы атанды.

Сондай-ақ, 33-жастағы футболшы венгрияның «Фехервар», бельгия чемпионатында «Андерлехт», «Кортрейк» және украиналық «Динамо» Киев және «Говерла» Ужгород сынды командаларының намысын қорғаған. Бұдан бөлек Украина ұлттық құрамасының жейдесінде 15 матчта доп тепті.

Евгений Мкаренконың нарықтық бағасы 250 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×