«Тотальный футбол KZ» телеграмм-арнасының мәліметіне сәйкес, ресейлік қорғаушы Алексей Татаев «Ордабасы» жейдесін киюі ықтимал.
26-жастағы ойыншы владикавказдың «Аланиясының» намысын қорғайды. Ұлттық футбол лигасының (ҰФЛ) 2024-25-жылғы маусымында 19 кездесуде доп тепті. «Алания» жейдесінде 2021-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Келісімшарты осы жылдың 30-маусымына дейін жарамды.
Айта кетейік, А. Татаев осыған дейін де Қазақстанда өнер көрсеткен - 2022-23-жылғы маусымда «Оқжетпесте» ойнап кетіпті. Сондай-ақ, чехияның «Млада Болеслав», ресейдің «Краснодар 2» командаларының да намысын қорғады. Нарықтық құны 350 мың еуро.
Естеріңізде болса, «Ордабасы» өткен маусымды ҚПЛ-де төртінші орынмен аяқтап, КЛ-ның іріктеуіне қатысу мүмкіндігіне ие болған.
Біздің серіктес: FONBET