«Ордабасының» бас бапкері БАТЭ клубын тізгіндеуі мүмкін

11.11.2021, 22:46
Седнев биыл шымкенттік клубпен бірге маусымды бесінші орынмен аяқтады.
«Ордабасының» бас бапкері БАТЭ клубын тізгіндеуі мүмкін

KazFootball.kz тілшісіне белгілі болғандай, «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев өз еліне қайта оралуы мүмкін.

48 жастағы белоруссиялық маман Александр Седнев БАТЭ клубын тізгіндеуі мүмкін жаттықтырушылардың қатарына кірді. Аталмыш клуб үшінші маусым қатарынан чемпион атана алмады. Маусым аяқталысымен (екі тур қалды) Виталий Жуковский клубтан кетеді деп күтілуде.

Еске салайық, Седнев Қазақстанда 2018 жылдан бері жұмыс істеуде. Алдымен «Ақтөбені» жаттықтырды, ал биылғы маусымды «Ордабасы» командасының бас бапкері ретінде өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×