Бүгін кешке "Ордабасы" люксембургтің "Дифферданж 03" клубына қарсы Конференция Лигасының екінші кезеңіндегі жауапты бәсекесін өткізеді.
Сырт алаңдағы ойында шымкенттік команда бір доп айырмасымен есе жіберген еді (1:0). Бүгінгі матч алдында қазақстандық ұжымның бас бапкері Александр Седнев өзінің ойымен бөлісті.
"Қазір әлденені сеніммен айту қиын. Қазақстанда өткізген уақытымыз, премьер-лигадағы "Жетісумен" өткен ойыннан кейінгі демалысты есептемегендегі осы үш күн бізге жақсы жағынан әсер етті. Біраз тынығып, өз-өзімізге келдік. Жоспарлағанымыздың барлығын жүзеге асыра алдық. Қалай дегенде де, команданың визуалды жағдайына көңілім толады. Бірақ бұл матчта футболшылардың психоэмоциналдық күйлері де маңызды болады. Бұл фактор бүкіл еңбекті құрдымға жіберіп немесе керісінше ойыншыларға ерекше күш беруі де мүмкін. Меніңше, бұл біздің осы маусымдағы ең маңызды ойынымыз, - деді А. Седнев.
Айта кетейік, "Ордабасының" қарымта ойыны бүгін 20:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET