“Ордабасының” бұрынғы қақпашысы шетелде чемпион атанды

10.11.2025, 13:30

Ыстықкөлдік "Барс" клубы өз тарихындағы алғашқы маусымында-ақ Қырғыз Премьер лигасының чемпионы атанды. Команда сапында Қазақстандық қақпашы Азамат Жомартов бар.

“Ордабасының” бұрынғы қақпашысы шетелде чемпион атанды

KazFootball.kz мәліметінше Жомартов маусым бойы бір ғана матчқа қатысып, сол ойында қақпасына гол айырылмаған. 

Футболшы — Атыраулық футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол Қырғызстанның "Алай” және "Каганат” клубтарында, сондай-ақ Қазақстанның "Тұран”, "Қыран", "Арыс" және "Ордабасы” командаларының қақпасын қорғаған..

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×