“Ордабасының” еурокубоктегі потенциалды қарсыласы анықталды

31.07.2024, 11:15

Армениялық “Пюник” ұжымы Конференция Лигасының қарымта кездесуінде македониялық "Струга" командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

“Ордабасының” еурокубоктегі потенциалды қарсыласы анықталды

«Пюник» (Ереван, Армения) – «Струга» (Струга, Северная Македония) – 3:1 (алғашқы ойын – 1:2)

Голдар: Серж Дебле 16, Михаил Коваленко 45, 90+6 – Бесарт Ибраими 45+4

Осы орайда “Пюник” КЛ 3 кезеңіне шықты. Бұл клубтың қарсыласы “Ордабасы” - “Дифферданж 03” кездесуінен кейін анықталады. Аталған ұжымдар арасындағы алғашқы матчта люксембургтық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта ойын 1 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, “Тобылдан” “Пюникке” ауысып барған Серж Дебле алғашқы голын соқты. Бұған дейін шабуылшы армениялық ұжымда 4 ойын өткізіп үлгерді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×