«Ел Арна» телеарнасы Еуропа лигасының бірінші кезеңіндегі «Ордабасы» мен румыниялық «Ботошани» арасындағы матчты тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Ойын 27 тамызда Шымкентте өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Бұған дейін Qazsport 27 тамызда сағат 20:00-де Алматыда «Қайрат» пен «Ноа» арасындағы матчты трансляциялайтынын хабарлаған болатын. «Ордабасы» матчты Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсету үшін екі сағат бұрын бастағысы келіп еді, бірақ "Ботошани" уақыттың өзгеруіне қарсы болды.