"Ордабасының" қорғаушысы: Жеңіске бізден көрі "Қайрат" лайық болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
02.04.2024, 09:32

Шымкенттік клубтың қорғаушысы Игорь Пластун ҚПЛ-дің үшінші турындағы "Қайратқа" қарсы матч жайлы пікірін айтты. 

"Ордабасының" қорғаушысы: Жеңіске бізден көрі "Қайрат" лайық болды

"Жалпы айтқанда ойын біздің команда үшін қиын өтті. Екінші голдарынан кейін қарсылас өзінің үш ұпай алып кететініне сенімді болғандай көрінді. Гол салғаннан кейін бізде де үміт пайда болған. Бірақ, шынын айтқанда, жеңіске бізден көрі "Қайрат" лайық болды". 
Айта кетейік, ел біріншілігінің үшінші турында "Ордабасы" өз алаңында "Қайратты" қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×