«Ордабасының» көшбасшы футболшысы «Тұранға» ауысты

14.02.2022, 23:39
Түркістандық клуб трансфер нарығында белсенді жұмыс істеуде.
«Ордабасының» көшбасшы футболшысы «Тұранға» ауысты

«Тұран» 34 жастағы сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллай Диакатемен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Бұған дейін тәжірибелі футболшы түркиялық «Сакарьяспор», «Ризерспорда», сондай-ақ «Тараз» мен «Атырау» командаларында өнер көрсеткен.

Диакате 2016 жылдың қаңтарынан бері шымкенттік «Ордабасы» клубының намысын қорғады. Жалпы өткен маусымда ол 21 матч өткізіп, 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Бұған дейін түркістандық клуб «Ордабасының» нигериялық жартылай қорғаушысы Чиди Осучуквуді қатарға қосқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×