«Ордабасының» легионері сәтсіз маусым жайлы: қортынды нәтижеге барлығы кінәлі

20.11.2024, 12:34

«Ордабасының» бұрынғы шабуылшысы Артем Беседин ҚПЛ-дің ерекшеліктерін айтып, шымкенттік клубтың чемпиондық таластағы сәтсіздігін түсіндірді.

«Ордабасының» легионері сәтсіз маусым жайлы: қортынды нәтижеге барлығы кінәлі
"Ордабасының" матчы

Айта кетейік, украиналық футболшы «Ордабасы» сапында екі маусым доп теуіп, былтыр чемпион болды.

«Командалардың тең жартысы жасанды төсеніште ойнайтындығымен де ерекше. Оның үстіне ауа-райының да ықпалы болды. Мысал үшін, біз ауа температурасы + 20 градус Шымкенттен температурасы нөлден төмен болып тұрған қалаға бардық. Оған жету үшін 2000 шақырым ұшу керек еді. Команданың дайындығына осы жағдай да әсер етеді. Айтқым келмейтін бірнеше жағдай болды, олардың команда ішінде қала бергені дұрыс. Бір айтарым, жеңімпаз болу үшін барымызды салдық. Қортынды нәтижеге барлығы кінәлі. Бұл футбол, демек чемпиондық маусыммен салыстырғанда барлығымыз осал болдық. Бір қуантарлығы, «Ордабасы» соңғы уақытта ғана Еурокубоктік аймаққа ілінді.

«Ордабасы» биылғы премьер-лигада 42 ұпаймен төртінші орын алды. Шымкенттік клуб соңғы турларға дейін чемпиондықтан үмітті болды, алайда, шешуші кездесулерде ұтылып, үздік үштіктің қатарына іліне алған жоқ.                 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×