KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, түркістандық «Қыран» Премьер-лигадағы шымкенттік «Ордабасының» орнын басуы мүмкін.
Бұған дейін ҚФФ баспасөз қызметі қаржылық критерийлерге сәйкес келмегендіктен, «Ордабасының» сертификаттау рәсімінен өте алмағанын хабарлаған болатын.
Егер шымкенттік клуб қарыздарын өтей алмаса, Премьер-лигадағы олардың орнын «Қыран» басады.
Бірінші лиганың өткен маусымында түркістандық клуб Премьер-лигаға жолдама алуға бір табан жақын болды. Бірақ 42 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді.
Біздің серіктес: FONBET