«Ордабасының» спорттық директоры бүкіл «былықты» ашып берді. Енді не болмақ?

09.04.2025, 12:30

«Ордабасының» бұрынғы спорттық директоры Ұлықбек Асанбаев клубтың сәтсіздігіне кінәлілерді атады. 

«Ордабасының» спорттық директоры бүкіл «былықты» ашып берді. Енді не болмақ?
«Астана» - «Ордабасы» кездесуі

«Клубтың нәтижесіздігіне сыртқы күштердің ықпалы болды. Өзге мақсаттағы көптеген «маман» клубтың мойнына отырып алған. Десек те, бұған әкімді немесе Асхат Сейсембекті кінәлаудың қажеті жоқ. Әкімге қандай мін тағуға болады? Қомақты бюджет бөлінген, ондай қаражатпен «Ордабасы» жоғары орындарға таласа алатын еді. Клуб президентінің мақсаты мүлде басқа - ол бөлінген қаржы мен оның қайда, қалай жұмсалатынына жауапты. «Ордабасыда» жалақы уақытылы төленеді. Меніңше, клубқа жоғары орындарға таласу үшін нақты спорттық нәтижелерге жауап беретін спорттық кәсіби басшы керек. Қазір онда небір әңгіме айтылуда, алайда қазіргі нәтижеге кімнің жауапты екені белгісіз», - деді Ұ. Асанбаев. 

Айта кетейік, Ұлықбек Асанбаев «Ордабасы» чемпион болатын маусымда спорттық директор қызметін атқарған болатын. Одан бөлек тағы бірқатар ҚПЛ клубтарында түрлі қызметтер атқарып келді. 

Шымкенттік команда ҚПЛ-2025-тің 4 турынан кейін 2 ұпаймен ең соңғы орында тұр. Соңғы турда Андрей Мартиннің командасы сырт алаңда «Астанадан» 1:2 есебімен ұтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 11
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×