21 жастағы қазақстандық шабуылшы Бағдат Жиенбай беларусьтік «Энергетик-БГУ» командасына ауысты, деп хабарлайды Football.by сайты.
Дереккөздің мәліметіне сенсек, жас футболшы беларусьтік командада жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен.
Бағдат Жиенбай – «Ордабасының» түлегі. Ол шымкенттік клуб сапында небәрі бір ойын өткізген.
Шабуылшы соңғы кездері Бірінші лигада бақ сынайтын «Академия Оңтүстіктің» намысын қорғап жүрген еді.
Еске салайық, 14 ойыннан кейін 28 ұпаймен «Энергетик-БГУ» Беларусь Жоғарғы лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET