«Ордабасының» жас футболшысы «Каспийге» ауысты

09.07.2022, 21:12
Шымкенттік клуб ойыншыны маусым соңына дейін жалға берді.
«Ордабасының» жас футболшысы «Каспийге» ауысты

«Ордабасының» 21 жастағы шабуылшысы Максим Ваганов «Каспийге» ауысты, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Жас футболшы ақтаулық клубта ағымдағы маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек.

Ойыншы «Каспийдің» ҚКФЛ ресми сайтындағы өтініміне 81-нөмірмен енгізілді.

Максим Ваганов - Шымкент футболының түлегі. Мансабын «Ордабасы» жастар командасында бастап, 2019 жылы Премьер-лигада дебют жасады. Осы уақытқа дейін ол шымкенттіктердің негізгі командасында 23 кездесу өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. Биылғы маусымда Максим Премьер-лига аясында «Ақжайық» қақпасына гол соққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×