«Ордабасының» жаттығу жиынына нигериялық футболшы қосылды

10.02.2021, 04:14
Чиди осы маусымда «Томь» клубында өнер көрсетті.
«Ордабасының» жаттығу жиынына нигериялық футболшы қосылды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 27 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву "Ордабасының" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Осучукву Нигерия чемпионы атанған және Африка Чемпиондар лигасында ойнады. 2013 жылы ол португалиялық "Брагамен" келісімшартқа отырды. Бірақ көбінесе екінші командада өнер көрсетті.

Футболшы 2017 жылдан "Динамо Брест", "Рух" және ресейлік "Томь" клубтарында доп тепті. Ол Нигерия жастар құрамасымен бірге Африка кубогінің жеңімпазы және қола жүлдегері атанды. 2013 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×