Шымкенттік "Ордабасы" айналасындағы түйткілді мәселе оң шешімін тапты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клуб басшылығы ресми түрде трансферлік банның алынғанын сүйіншіледі. Енді “Көк-Ақтар" жаңа ойыншыларды тіркеп, құрамды күшейтуге толық мүмкіндік алды.
Бұған дейін ФИФА клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салған болатын. Бұл шектеудің басты себебі — бұрынғы қаржылық міндеттемелер мен төленбеген қарыздар еді. Шымкенттік ұжым біраз уақыт бойы осы тұсаудың кесірінен трансфер нарығында еркін қимылдай алмады.
Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, "Ордабасы" барлық қарыздарын толық өтеп, қаржылық талаптарды орындаған. Осыдан кейін ФИФА тарапынан қойылған шектеулер ресми түрде алынып тасталды.
"Біз барлық тиісті төлемдерді жасап, міндеттемелерімізді толық орындадық. Енді клуб алдында ешқандай кедергі жоқ.” — делінген ресми хабарламада.