Орға жығылған оралдық команда

03.03.2022, 23:24
Беделді белесі, еске түсер жетістігі жоқ «Ақжайық».
Орға жығылған оралдық команда

Денеге жабысқан кенедей айтылған сыни пікірлер оралдық «Ақжайықты» жайына қояр емес. Жыл өткен сайын көңілден шығар нәтижеге қол жеткізе алмай жүрген команданы қиын сәтте ұлықтар жан жоқ. Тұрақсыздықтың белгісіне айналған «Ақжайықтың» тарихыда іш пыстырарлық. 1968 жылы «Уралец» атымен құрылып, алаңға ұмтылған жігерлі ұжым. Дебютты маусымын өткізетін клубқа үлкен үміт артқан жанкүйерлер табылып жатты. Алайда, «сенген қойым сен болсаң» демекші...

Клуб бірінші маусымында-ақ айтарлықтай төмен деңгейде өнер көрсетіп, 12 орынға тұрақтайды. Одан кейін, команданың аты 6 мәрте өзгерді. Бірақта, аты өзгергенімен заты өзгермеді. Сол баяғы 12-ші, 16-ші керек десеңіз 20 орын. Маусымды орталықта аяқтағанды жөн көретін команда басынан талай қиындықтарды өткерді. 2017 жылы қазіргі «Ақжайықты» қаржыландырып келген Оралдың әкімдігі кеңеттен клубты сату туралы шешім қабылдайды. 2,5 млн теңгеге бағаланған «Ақжайықты» сол кезде көшіп-қонып жүрген қазағымда сатып алар шамасында етін. Оралдық клубтың өсеріне ешкім сенбеді ме, сенбеген соң келмеді. Әкімдік сатылымды жапты. Амалсыздан қаржыландыруды бастады. 1 жыл өте команданың басы дауға қайта ілінді. «Ақжайық» салық комитетіне есеп бермеген. Білек сыбана іске кіріскен салық тәртібі қызметкерлері командаға 223 млн теңге көлемінде айыппұл салады.

Шыдамы шегіне жетті ме, Орал әкімдігі клубты қаржыландырудан бас тартты. Қарызға белшесінен батқан «Ақжайық» енді не істейміз?,- деп қол қусырып отырғанда. Оралбай Жақсымбетов есімді жеке кәсіпкер командаға қиын сәтте қол ұшын созуға дайынмын деп, ұжым жұмысына белсене араласа кетеді. Бір қызыққаным, «Ақжайық» тұрымтал кезде ойыншыларын форс-мажорлы жағдайда қалдырмады. Әр ойыншы өзіне тиісті жалақысын алды. Айта кететіні, Оралбай Жақсымбетов 2023 жылы оралдық команданы толық сатып алуға құқысы бар екен.

Қорытындылай келсек, жарты ғасырлық тарихы бар «Ақжайықтың» осы уақытқа дейін ауыз толтырып айтатындай жетістігінің болмауы жанға ауыр тиеді. Команданың биік белеске шығуына кедергі не себеп? Құрметті оқырман оны өздеріңіз салмақтай жатарсыздар. 

Көбеев Мұхаммедқали

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×