Офри Арадтың Румыниялық "ФКСБ" (Стяуа) клубына ауысуына қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Осы трансферге тікелей атсалысқан Румыниялық бапкер әрі агент Антониу Стоян Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында ауысудың мән-жайын ашып айтты.
Агенттің пайымдауынша, Израиль құрамасының ойыншысынан айырылу — "Қайрат” үшін орны толмас олқылық.
"Сапалы ойыншыдан айырылу — үлкен өкініш"
Антониу Стоян футболшының Алматылық ұжымнан не себепті кеткеніне және оның команда үшін маңыздылығына тоқталды:
"Шынымды айтсам, "Қайраттың” оған жаңа келісімшарт ұсынып, алып қалуға тырысқанынан хабарым жоқ. Бір анығы — Офри "ФКСБ"-мен келісімге қол қойған сәтте еркін агент мәртебесінде болды. Менің жеке пікірімше, "Қайрат" өте жоғары деңгейлі, сапалы ойыншысын жіберіп алды. Мұндай футболшының командадан кетуі — үлкен шығын. Өте өкінішті." — деді Стоян.