Алматының Орталық стадионы алдағы “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчына толық дайын болады.
Ресми түрде стадион халықаралық УЕФА стандарттарына сәйкес келетіні расталды. Аттестациядан футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ командалар мен төрешілерге арналған аймақтар сәтті өтті. Бұл аренаның ең жоғарғы деңгейдегі ойындарды қабылдауына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі стадиондағы бұрынғы кейбір кемшіліктерге тоқталды. Сынған орындықтар мен ескірген санитарлық тораптар нысанның жасы мен көрермендердің ұқыпсыздығымен байланысты болған. Әр матчтан кейін тексеріс жүргізіліп, зақымданған орындықтар жедел ауыстырылып отырды. Қазір олардың басым бөлігі жаңартылды.
Әсіресе санитарлық бөлмелерге ерекше көңіл бөлінген, бұған дейін тек косметикалық жөндеу жүргізілсе, енді толық жаңғырту жұмыстары басталды.