Алматының Орталық стадионында әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтті. Бұл шара "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи кездесу алдында, яғни матчқа он күн қалғанда ұйымдастырылды.
Дегенмен, Қазақстандық көрермендер арасында сұрақ туындады, неге Backstreet Boys-қа концерт өткізуге рұқсат беріліп, ал Беларусь әртісі Макс Корждың шоуы соңғы сәтте тоқтатылды?
Әртістің командасы концертке дайындықты 2024 жылдың қарашасында бастағанын айтқан.
Алайда, 27 тамызда дирекция ресми аккаунтында концерттің болмайтынын хабарлады. Себебі ретінде стадион алаңының техникалық жағдайы көрсетілді. Кейінірек әртіс командасына бұрын берілген рұқсаттың жарамсыз екені айтылып, жаңа рұқсат мүлдем берілмеген.
– Offside.kz