Орынан кеткелі жатқан «Атырау» директоры жұмсаған қаржысын қайтаруды талап етуде

14.04.2025, 13:55

«Атырау» ФК-ның бас директоры Дидар Сыдықбек клубтың дамуына жұмсаған ақшасын қайтарғысы келетінін мәлімдеді.

Орынан кеткелі жатқан «Атырау» директоры жұмсаған қаржысын қайтаруды талап етуде
Дидар Сыдықбек

«Достар, өмірде ең маңыздысы - өз-өзіме және сіздерге адал болу. Сондықтан, ашық айтамын: келесі аптада «Атыраудан» кету мәселесін талқылаймын. Неге «талқылаймын» деймін - себебі клубқа өз қалтамнан қаржы салдым және бұл бойынша сұрақтар бар. Сонымен қатар, клубты көтеру үшін үлкен жауапкершілік алдым, енді соның бір бөлігін қайтарғым келеді. Атырауды және осы клубқа қатысы бар жандарды қатты жақсы көріп қалдым. Негатив жоқ, ешкім кетуге мәжбүрлеген жоқ. Тек мен бәрі оңай болады деп ойлаппын», - деп жазды Сыдықбек өзінің әлеуметтік желісінде.

Дидар Сыдықбек «Атырау» клубының бас директоры болып 27 наурызда тағайындалған еді. Бірақ араға бар-жоғы 17 күн салып, бұл лауазымды қызметтен кетуге бел буып отыр. Д. Сыдықбек соңғы үш апта ішінде қатты шаршағанын айтып, демалуға ниетті екенін де тілге тиек еткен. Алдағы уақытта медиа-футболдан өтетін турнир - МФЛ-ға дайындалатынын да жеткізді.

Айта кетейік, Дидар Сыдықбек - SD Family жобасының негізін қалаушы. Бұл команда алдымен әуесқойлар арасында құрылғанымен, қазір Қазақстанның Бірінші лигасында кәсіби түрде ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×