Өскемен, Аягөз бен Ақсуда жаңарған футбол алаңдары ашылады

19.09.2024, 12:58

«ALAN» жобасының аясында еліміздің солтүстік шығыс аймақтарында бірнеше спорт нысаны пайдаланылуға беріледі.

Өскемен, Аягөз бен Ақсуда жаңарған футбол алаңдары ашылады
Футбол алаңының ашылуы

Аталмыш бастама футбол ғана емес жалпы бұқаралық спорттың өркендеуіне бағытталған. Қыркүйектің соңына дейін Аягөз (Абай облысы), Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қосалқы алаңы (ШҚО) мен Ақсу қаласындағы «Достық» алаңы (Павлодар облысы) жаңартылып, ел игілігіне берілмек. Игілікті жобалардың ашылу салтанатында ашық жаттығулар ұйымдастырылып, ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесов және құрама команданың бұрынғы капитаны Самат Смақовпен автограф-сессия өткізу жоспарланған. 

Осы жоба аясында 2023-2025 жылдары республика бойынша 20 футбол алаңын жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Былтыр Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Жетісу облысындағы футбол алаңдары жаңартылып, пайдаланылуға берілген болатын. Сондай-ақ, «ALAN» жобасының аясында жуырда Петропавл қаласындағы «Динамо» спорт кешені жөндеуден өткізілді. Игілікті бастамаға мұрындық болып отырған ҚФФ Президенті Әділет Бәрменқұлов екенін де қоса кетуіміз керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×