Осы қарқынынан таймаса, РПЛ-дің ең үздік ойыншысына айналады. Командаластары Самородовтың ойынына тәнті

10.03.2025, 11:15

«Ахматтың» жартылай қорғаушысы Владислав Камилов командаласы Максим Самородов туралы жылы лебіз білдіріп, өнерін бағалады.

Осы қарқынынан таймаса, РПЛ-дің ең үздік ойыншысына айналады. Командаластары Самородовтың ойынына тәнті
Максим Самородов «Локомотивке» қарсы кездесуде

Айта кетейік, РПЛ-дің 20-турындағы «Локомотив» - «Ахмат» матчында гол салып, командасына бір ұпай сыйлаған болатын. 

«Максим осы маусымда да «Крылья Советов» қақпасына әдемі гол соққан. Ол айып алаңында ойынды өзіне алуға қорықпайды. Бұл оның басты артықшылығы. Самородов өте үлкен дәрежеде доп тебе алатын талант. Барлығы өзінің қолында. Осы қарқынынан таймаса, РПЛ-дің ең үздік ойыншысына айналады», -  деді ресейлік футболшы «Матч-ТВ» арнасына берген сұқбатында. 

Қазақстандық футболшы грозныйлық клуб сапындағы 14 матчта 3 рет мергендік танытты. Сондай-ақ, екі ассист берген болатын. 

«Ахмат» жиырма турдан кейін 14-сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×