Осы жазда «Барселонадан» кететін ойыншылардың есімі белгілі болды

26.03.2021 15:44 Ла Лига

Тізімде командаға 2020 жылы қосылған Пьянич те бар.

Осы жазда «Барселонадан» кететін ойыншылардың есімі белгілі болды

«Барселона» басшылығы жазда клубтан кететін ойыншылардың тізімін жасады.

El Chiringuito телеарнасының хабарлауынша, тізімге сегіз ойыншы кірді: қақпашы Нето, қорғаушылар Хуан Фирпо, Самуэль Юмтити, жартылай қорғаушылар Миралем Пьянич, Рикард Пуч, Карлес Аленья, Филиппе Коутиньо және шабуылшы Антуан Гризманн.

Осы маусымда «Барселона» 28 ойында 62 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты, көш басындағы «Атлетико Мадридтен» төрт ұпайға артта қалып келеді.

Ал «Барселонаның» бас бапкері Рональд Куман келесі маусымда каталондық клубтағы жұмысын жалғастыра бермек.

Сондай-ақ, «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Жоржиньо Вейналдум осы жазда «Барселонаға» ауысуы мүмкін.

1 пікір

  1. Диде Дешам франция ұлттық құрамасының бас бапкері

    ой блее Куман саған не болды француздарды қуғаның оданда оларға көп ойын уақытын және дұрыс тактикалық тұрғыға жұмыс жасасай