
Қазақстан құрамасы мен «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың мансабына байланысты түрлі алып-қашпа әңгімелер таралуда.
Осыған байланысты танымал спорт журналисі, ситуацияға жақын жүрген әріптесіміз Сейіл Қожатай өзінің sale_football телеграмм-арнасында маңызды жазба қалдырды.
«Кеше Ыстамбұлда Бақтияр Зайнутдиновпен жолығып, біраз әңгімелестік. Ол да соңғы күндері тараған жаңалықтарға таңғалып жүр екен. Тіпті кейбір жанкүйерлер жекесіне «барлығы үшін рақмет, Баха» деп қоштасып та үлгеріпті Анығында, жарақаты аса ауыр емес. Қазірдің өзінде доппен жұмысын бастады, ал шамамен екі аптадан кейін командамен бірге жаттығуға қосылады. Сол кезде-ақ алаңға оралуы да ғажап емес. Бақтиярдың айтуынша, бұл жарақат алғаш рет үш ай бұрын болған. Сол кезде бір түрік журналисі «мансабына кедергі келтеру мүмкін» деп сол кезде айтқан екен. Сол жарақат толық жазылмай, жуырда қайта сыр берген. Осыны негіз еткен кейбір БАҚ өкілдері «мансабын аяқтауы мүмкін» деп асыра сілтеп жіберген. Қысқасы, алаңдайтын еш негіз жоқ. Бақтияр маусым айындағы ойындарға дейін толық қалпына келіп, жанкүйерлерін голымен және жеңісімен қуантуды асыға күтіп жүр», - sale_football делінген телеграмм-арнасында.
Бахтиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 24/25-маусымында 9 ойында алаңнан бой көрсетті. Жалпы, «Бешикташ» сапында барлық турнирлерде 12 кездесуде өнер көрсетіп, 1 гол салды.
Біздің серіктес: FONBET