«Sports.kz» порталы ЧЛ жалпы кезеңінің 5-туры қарсаңында болатын «Копенгаген» - «Қайрат» кездесуінің алдында даниялық фанаттардың жазбаларын аударып, материал жасаған болатын.
Біз соның ішіндегі ең қызықтыларын сіздерге ұсынуды жөн көрдік.
«Енді бюджеті 20 миллиондық мұндай қарсыластан ұтылу мүмкін емес. Оларға өз алаңымызда титтей де мүмкіндік бермеу керек»;
«Карабахтан» жеңілген соң бұл маусымда ештеңеге таңқалмаймын. Ол аздай қарсылас құрамында өткен аптада бізге қарсы өмірлік ойын өткізіп Әлем чемпионатына баратын үмітімізді біржолата сөндірген Валерий Громыко бар»;
«Қашаннан бері мұндай деңгейдегі қарсыластардан қорқатын болғанбыз? Оларды тіпті біздің жастар командасы да ұтуы тиіс, сондықтан, сәрсенбіде кемінде 3:0 деген есепті күтеміз»;
«Біз «Тоттенхэмге» қарағанда «Қайрат» өткен турда «Интерге» тегеурінді қарсылық танытты. Ойын алдында біртүрлі сезіктеніп тұрғаным-ай»;
«4:0 сенімді жеңіс күтемін»;
«Осыншалықты құлдырап соңғы орынды азиялық командамен бөлісеміз деп кім ойлаған?»;
«Өтінемін, бұл қазақтарды талқандап тастаңыздаршы, тізгінді қолға алатын уақыт жетті».
«Копенгаген» - «Қайрат» матчы ертең болады. Әзірге қос команда бір-бір ұпаймен 33-34 орындарға қатар жайғасқан.