Отандастарымыздың командасы Сербия ұжымынан жеңілді

“Ахмат” клубы Түркиядағы ОЖЖ алғашқы кездесуінде “Нови Пазармен” бақ сынасты.

Отандастарымыздың командасы Сербия ұжымынан жеңілді

Белектегі футбол алаңдарының бірінде болған кездесу 1:0 есебімен сербиялық жігіттердің пайдасына шешілді. Матчтағы жалғыз голды грозныйлық команда ойыншысы Гандри өз қақпасына соқты. 

Ел құрамасының қос ойыншысы Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов аталған кездесудің бірінші және екінші таймында өнер көрсетті. 

Енді кезекте Станислав Саламұлы Черчесов командасы Түркиядағы бақылау ойынын “ОФК Белград” ұжымына қарсы өткізеді. Аталған командада Сербия елінің намысын қорғайды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Ахмат
Aladop Youtube
×