Отандасымыз РПЛ тарихындағы ең нәтижелі қазақстандық футболшылар қатарын толықтырды

Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасында өнер көрсеткен қазақстандық футболшыларының топ-3 сұрмергені тізіміне кірді.

Отандасымыз РПЛ тарихындағы ең нәтижелі қазақстандық футболшылар қатарын толықтырды

"Локомотив" және ЦСКА сынды ресейдің топ-клубтарына гол соққан Максим Самородов көршілес елде өнер көрсеткен қазақстандық ойыншылардың топ-3 сұрмергені тізімін түйіндеп отыр.

РПЛ көп гол соққан Қазақстан азаматтары:

1.Максим Низовцев (“Балтика”, ЦСКА) - 20 гол

2.Руслан Балтиев (“Сокол”, “Динамо”) - 11 гол

3.Максим Самородов (“Ахмат”) - 10 гол; 

23 жастағы “Ақтөбе” футболының түлегі Ахматта 2024 жылдан бері доп теуіп келеді. Осы уақытқа дейін вингер грозный ұжымының сапында 43 матч өткізді. Биылғы маусым Самородов үшін өз мансабындағы ең сәтті болуда. Неге десеңіздер, Максим өзінің соңғы көрсеткіштері арқылы Ресейдің “Динамо”, “Спартак” және “Краснодардың” назарына іліге алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×