Отандасымыздың командасы “Галатасарайдың” түгін қалдырмады

04.08.2024, 12:40

Ыстамбұлдық “Бешикташ” Түркия Суперкубогының финалында “Галатасарайды" 0:5 есебімен ойсырата ұтты. 

Отандасымыздың командасы “Галатасарайдың” түгін қалдырмады

Түркия Суперкубогы, финал

“Галатасарай” 0:5 “Бешикташ”

Голдар: Иммобиле 1’, 81’, Свенссон 53’, Рафа 90+1’, Мұстафа 90+2’

Қызыл қағаз: Виктор Нельссон 87’

Бахтиер әдеттегідей ойыннан тыс қалды. Тараз футболының түлегі соңғы рет қырандар жейдесінде 26 мамыр күні “Қасымпашаға” қарсы ойын өткізген еді. Содан бері жарақаты болып, Зайнутдинов алаңға шыға алмады. Оның үстіне команданың жаңа бапкері қорғаушыға аса қатты сенім артып отқан жоқ.

Осы финалда жеңіске жету арқылы “Бешикташ” Түркия Суперкубогының 10-дүркін жеңімпазы атанды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×