Қазақстандық бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында премьер-лига 2-туры аясында болған «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуін түйіндеп, Дастан Сәтпаев пен Луиш Наниды салыстырды.
Апта басындағы орталық ойында алматылықтар 1:0 есебімен басым болды. Кездесудегі жеңіс голын Дастан Сәтпаев салған.
«Дастан Сәтпаев алаңға шыққаннан кейін «Қайраттың» шабуылы жылдамдыққа ие болды. Жалпы, оның ойыны «Ақтөбенің» жұлдызды ойыншысы Нанидің алаңға шығуын толықтай көлеңкеде қалдырды. Стадион тек қазақстандық шабуылшының есімін ұрандатты, ал португалиялық ойыншының шығуы онша байқалмады. «Ақтөбенің» шабуылдағы әлсіз ойынын ескерсек, «Қайрат» толықтай лайықты жеңіске жетті. Бұл матчта екі команда да алдымен өз қақпасын қорғауға көңіл бөлді», - деді А. Қожабергенов.
ҚПЛ-2026-да «Қайрат» 2 турдан кейін жеке дара көш бастады. «Ақтөбе» 3 ұпаймен 5-орында. Алматылықтар келесі ойында «Жетісумен» жолығады. «Ақтөбе» «Елімайға» қарсы тұрмақ.