Отандық футболдың жаңа дәуірі? Президент Тоқаев футболды дамытудың жаңа моделін ұсынды

15.03.2025, 15:50

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізде футболды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

Отандық футболдың жаңа дәуірі? Президент Тоқаев футболды дамытудың жаңа моделін ұсынды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту арқылы қоғамдағы лудомания және нашақорлық сияқты мәселелерді шешуге болатынын атап өтті.  

Президент әрбір облыс, аудан орталығы, кент пен ауылда балаларға арналған футбол алаңдарын салуды алдағы екі жылдың міндеті ретінде белгіледі. Сонымен қатар, облыстық стадиондарды демеушілердің қаржысы есебінен жаңғырту немесе жаңаларын салу қажеттігін айтты.  

Футбол клубтарын коммерцияландыру мәселесіне тоқтала отырып, Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді клубтық футболға бизнес ретінде қарауға шақырды. Оның пікірінше, клубтар жекеменшікке өтпейінше, бұл салада айтарлықтай ілгерілеу болмайды. Бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, себебі жекеменшік клубтар өздігінен табыс табуды үйреніп, шетелдік спортшыларды шақыру мүмкіндігіне ие болады.  

Сонымен қатар, Президент спортты, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау ұлт саулығының кепілі екенін атап өтті. Ол бизнес өкілдерін өскелең ұрпақты дене шынықтыруға және спортқа баулу ісіне белсенді қатысуға шақырды.  

Осылайша, Мемлекет басшысы елімізде футболды дамытуға кешенді көзқарас ұсына отырып, барлық мүдделі тараптарды бұл процеске белсенді қатысуға үндеді.

 

                               Айболат Өнербай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×