Отандық маман ӘЧ-2026 іріктеуі туралы: мүмкін Черчесовке тағы біраз жұмыс істей тұратын мүмкіндік беру керек пе еді...

17.03.2025, 22:35

Қазақстан футболындағы танымал маман Юсуп Шадиев Sports.kz-ке берген сұқбатында ұлттық команданың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов туралы ойын айтты. 

Отандық маман ӘЧ-2026 іріктеуі туралы: мүмкін Черчесовке тағы біраз жұмыс істей тұратын мүмкіндік беру керек пе еді...
Станислав Черчесов

«Мүмкін Черчесовке тағы біраз жұмыс істей тұратын мүмкіндік беру керек пе еді. Кем дегенде сол Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы екі кездесуде. Болмаса Черчесовпен келіспей тұрып-ақ сол Әлиев пе басқасы ма, әйтеуір жергілікті мамандардың бірін шақыра салу керек еді. Бірақ болған іс болды, енді мұның ақыры қайда апарып соғарын күтеміз. Қайткенде де ұлттық командамызға тек қана сәттілік тілеймін! Алдағы ойындарда Қазақстан құрамасына жанкүйер болып, қолдан келгенше қолдау білдіреміз», - деді Ю. Шадиев. 

Айта кетейік, ұлттық құрама ӘЧ-2026 іріктеуінде J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ. Алғашқы екі турда Қазақстан Лихтенштейн және Уэльске қарсы кездесу өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×