Тісі түскенше ойнады: отандық жанкүйерлер Қазақстанның матчын қалай бағалады?

14.10.2025, 18:20

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең түсті. Осы орайда назарларыңызға отандық жанкүйерлердің пікірлерін ұсынамыз.

Тісі түскенше ойнады: отандық жанкүйерлер Қазақстанның матчын қалай бағалады?

«Мыналар қалай 13 ұпай жинаған? Дастан Сәтпаев болғанда Солтүстік Македония тең нәтижеге де зар болар еді ғой»

«Бүгін Қазақстан сендерге шынайы футболды көрсетті»

«Ойынға рақмет! Біз тең есепке разы емеспіз. Есепті теңестіруге жол бергенге өзіміз кінәліміз. Алға, Қазақстан!»

«Лазердония»

«Македония екінші мәрте жеңілістен құтылып кетті. xG статистикасының өзі соны айқындап тұр. Бұны ойын стиліне қатысты деп айтуға болар. Македонияға еш қарсылығым жоқ. Мінезді команда. Әлем чемпионатында сәттілік!»

«Македонияның жеңілістен құтылып кеткені жаман болды»

«Бүгінгі ойынның үздігі мен үшін ҚУАТ! Тісі түскенше ойнады, жарықтық»

«Төреші бір иығын Македонияға берді. Әлде солай көрінді ме?»

«Неге Свиридов пен Кенжебекті ауыстырып жіберді? Ойын бірден өзгеріп кетті»

«Әли Әлиев бізден Әлем чемпионатын ұрлап алды»

«Ойнауға болады екен ғой. Жарайсыңдар жігіттер!»

«Міні тренер әр ойыншыны әдемі қояды өз орнына кілтін таба біледі ең жақсы білетін осы кісіғо бұйырса келесі Еуроға мүмкіндік болады осындай ойынмен,осындай жастармен басқа жерден тренер қажеті жоқ олар таныпта үлгермейді ҚПЛді білмейді әр ойыншының мүмкіндігін білмейді міні бір гол соқтыра алмаған Черчесовтан 100есе арзан 100есе мықты тренер нәтиже сөйлесін»

«Міне бапкер осылай шешім қабылдау керек, 4-3-3 бастап берді, таза опорник Куатты қойды. Шабуылға дем беретін орталық жартылай қорғаушыларды толтырып ойынды жүргізді. Мықты ойын болды, өзіміздің стиль осындай болу керек қой»

«ойнасандар қуат құсап ойнандар жандарынды салып ырзамын тіс жоқ босада мінез бар лучший просто»

«Куат болмаса бир тобелесип Алу керек ед судьямен»

«Недеген ойын. Прессинг + шабуыл»

«Әдемі ойын жігіттер! Рахмет! Поляк тренерді пока что қоя тұрыңдар!!!!!!!»

«Талғат Байсуфинов атамыз ерледі рахмет атау уақытша болсын тізгінді ұстап осындай ойынға рахметт сізге»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×