Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін командалар 29-шы тур ойындарын өткізді. Матчтардың нәтижелеріне тоқталсақ, чемпиондық атақтан үміткер «Жетісу» өз алаңында «Ақтөбені» ренжітті. 2-0. Көшбасшымен теңесуге сәл қалған кеншілер Шымкентте «Ордабасымен» ұпай бөлісуге тура келді. «Астана» футбол клубы «Ертіске» жол берді.
Ал 7-12 орындарды бөліске салып жатқан командалар арасындағы ойындардың қорытындысында «Қайрат» өз үйінде қызылордалықтардың сағын сындарса, «Восток» та қонаққа келген «Тараздан» 2-1 есебімен басым түсті. Сонымен қатар бұл турдың орталық кездесулерінің бірінен саналған «Тобыл» мен «Атырау» матчы. Дәл қазіргі уақытта нақты жаттықтырушысыз бақтарын сынап жүрген алаң иелерінің ойындары өте сәтті шығып, 4-2 есебімен ұтып кетті. Айтып өтейік, турнир кестесінің үздік үштігінде «Жетісу», «Шахтер» және «Астана» орналасқан. Келесі тур ойындары 15 қазанда өтеді.
http://kaztrk.kz/kaz/news/sport/Otandik_futboldan_songi_zhanalik.html#go