Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарып жүрген Талғат Байсуфинов бұл қызметке тұрақты түрде тағайындалуы мүмкін.
Бұған дейін құрама тізгінін ұстаған Әли Әлиевтің жұмыстан кетуінен кейін Байсуфинов уақытша бас бапкер міндетін атқарған еді. Сол уақыттан бері ұлттық құраманың ойыны жақсарып, ойыншылардың өзара түсіністігі мен тактикалық тәртіп айқындала түсті.
Offside.kz мәліметі бойынша маманмен келісімшартты келесі жылдың соңына дейін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр.