Өткен ай үздіктері анықталды

04.09.2011, 00:23
Өткен ай үздіктері анықталды
«Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эдин Джеко және "Басби сәбилерінің" ұстаздары сэр Алекс Фергюсон ағылшын премьер лигасының тамыз айыдағы үздік ойыншысы мен бапкері атанды. Босниялық шабуылшы Джеко "қалалықтар" сапында алғашқы қос ойында биіктен көрінсе, өткен апта да «Тоттенхэмге» қарсы "покер" иесі атанған болатын. Алғашқы үш турда сұрмергендер көшін бастаған оның клубы да көшбасшылықты өткен айдың үзздік бапкерінің тәлімгерлерімен бөлісуде. Естеріңізге сала кетейік, Эдин Джеко "Сити"сапына «Вольфсбург» клубынан 32,5 млн. еуроға ауысқан болатын. Ал, өткен айдың үздік бапкері бұған дейін осы жетістікке 26-рет жеткен көрінеді.  Оның командасы алғашқы турда "Вест Бромвичті" ұтқан болатын. Одан соң «Тоттенхэмді» тобықтан қаққан "қызыл сойқандар" "зеңбірекшілерді" де зар жылатқан болатын. Ризуан Азамат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×