Өткен аптада ел чемпионатын 15 700 жанкүйер тамашалаған

14.07.2025, 22:56

12 және 13 шілде күндері Қазақстан Премьер-лигасы командалары арасында футболдан 16-турдың бес ойыны өтті.

Өткен аптада ел чемпионатын 15 700 жанкүйер тамашалаған
Владислав Воднев

Өткен демалыс күндері ең көп 8 000 жанкүйер турдың орталық матчы саналған «Ордабасы» – «Астана» матчына барған. Бұл ойында көрермендер сенсацияға куә болып, елордалықтардың 2 айға жалғасқан жеңіліссіз сериясы тоқтады.

Ал ең аз, небәрі 500 жанкүйер «Жеңіс» – «Жетісу» кездесуіне жиналды. Себебі, бұған дейін астаналықтар өздерінің әлеуметтік желісінде «Астана Арена» стадионында «ALEM FEST» фестивалінің өтуіне байланысты ауыстырылғанын мәлімдеген болатын.


«Ордабасы» – «Астана» – 1:0 (8 000 жанкүйер)

«Тобыл» – «Оқжетпес» – 2:1 (4 200 жанкүйер)

«Ұлытау» – «Елімай» – 1:1 (2 000 жанкүйер)

«Тұран» – «Қызылжар» – 1:2 (1 000 жанкүйер)

«Жеңіс» – «Жетісу» – 3:1 (500 жанкүйер)
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×