Өткен маусымдағы Серия А-ның үздік сұрмергені Сауд Арабиясына аттанды

22.07.2025, 11:45

“Аталанта” клубының баспасөз қызметі шабуылшы Матео Ретегидің Сауд Арабиясының “Аль-Кадисия” клубына ауысқанын ресми түрде жариялады.

Өткен маусымдағы Серия А-ның үздік сұрмергені Сауд Арабиясына аттанды

“2024 жылдың тамыз айының басында қатарымызға қосылған Матео Ретеги Бергамо мен “Аталантадан” өз мансабындағы ең табысты маусымын өткізуге мүмкіндік берген мінсіз орта тапты. Клуб өткен маусымдағы айрықша үлесі үшін Матеоға шын жүректен алғыс білдіреді және алдағы спорттық мансабына сәттілік тілейді.” – делінген клубтың ресми сайтында.

26 жастағы шабуылшы “Аль-Кадисиямен” 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды. Бұған дейінгі ақпараттарға сәйкес, трансфердің жалпы құны бонустарды қоса есептегенде 67 миллион еуроны құраған, ал ойыншының жылдық жалақысы 20 миллион еуро.

Ретеги “Аталанта” сапында 49 матч өткізіп, 28 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. 2024/2025 жылғы маусымда ол Серия А-ның үздік сұрмергені атанып, 25 голмен көзге түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×