Өткен маусымның үздік менеджері анықталды

06.12.2021, 21:08
Үздік үштікке «Тобыл», «Қайрат» және «Шахтер» басшылары енді.
Өткен маусымның үздік менеджері анықталды

2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы үздік менеджерді анықтау мақсатында отандық клуб басшылары арасында сауалнама өткізді.


Сауалнама қорытындысы бойынша «Тобыл» ФК директоры Николай Борисович Панин 21 ұпай жинап, алғашқы орыннан табылды.

Екінші орынды 16 ұпаймен «Қайрат» ФК басшысы Марат Бүркітұлы Баймұқанов иеленді.

Үздік үштікті 15 ұпаймен «Шахтер» ФК атқарушы директоры Ерлан Жаңатайұлы Оразаев түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×