ӨЗ КОМАНДАМЫЗДЫ БІРГЕ ҚОЛДАЙЫҚ!

16.10.2012, 18:22
ӨЗ КОМАНДАМЫЗДЫ БІРГЕ ҚОЛДАЙЫҚ!
Барша Алматы қаласында оқып жатқан ақтөбелік студенттер мен "Ақтөбенің" жанкүйерлеріне ҚҰЛАҚҚАҒЫС! Қазан айының 21-ші жұлдызында "Ақтөбе" қаскелендік "Сұңқарға" қонаққа келеді. Орталық стадионда өтетін ойынға барша Алматыда тұрып жатқан ақтөбенің жанкүйерлерін шақырамыз. Бәріміз бірігіп, өз сүйікті командамызды қолдайық. Осы ойды құптаған барша жанкүйерлерді Орталық стадионның Шығыс қапталына шақырамыз! Сондай-ақ араға үш күн салып, яғни қазанның 24-інде, Орталық стадионда ХІХ турдың кейінге шегерілген ойыны "Қайрат"-"Ақтөбе" кездесуіне де өз командамызды қолдауға шақырамыз. Басқа да ұсыныстарыңыз болса, eset.7@mail.ru электронды почтасына жіберіңіздер. Жеңіске бірге жетейік!!! Есет ТӨЛЕШ!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Сенім мен серт
Серіктес жаңалықтары
×