«Андижан» клубының намысын қорғайтын отандасымыз Әбинұр Нұрымбет «1bol.kz» порталына Өзбекстан, Қазақстан мен Беларусь футболының айырмашылықтары жайлы пікірін айтты.
«Егер деңгей жағынан айтсақ, Қазақстан легионерлер жағынан ғана алып тұр. Одан бөлек, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы сияқты әлемдегі ең беделді турнирлерге қатысуға мүмкіндік алады. Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап Қазақстан легионерлерге лимитті алып тастады. Өзбекстанда шетелдік ойыншыларға шектеу бар. Сондықтан мұнда жас футболшыларға өзін дәлелдеуге көп мүмкіндік беріледі. – Ең басты айырмашылық – деңгейде. Себебі бұл жақтағы футбол деңгейі өзім ойнаған Беларусь чемпионатынан жоғары. – Өзбекстанда жанкүйерлер футболмен өмір сүреді, қандай нәтиже болса да, командасын соңына дейін қолдайды. Олар – біздің 12-ойыншымыз», - деді Ә. Нұрымбет.
Тараз футболының түлегі биылғы маусымды беларусия чемпионатының «Гомель» командасында бастап, жыл соңында «Андижан» сапында Өзбекстан Кубогінің иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET