Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергені қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

23.12.2020, 23:00
Трансферлік құны 850 мың еуроны құрайды екен.
Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергені қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін

Өзбекстандық «Пахтакор» командасының шабуылшысы Драган Черан мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Sports.uz басылымы хабарлады.

Драган Черанға Қазақстаннан бөлек Тайланд елінің клубтары қызығушылық танытып отыр. «Пахтакордың» келер жылғы бюджеті қысқарса, сербиялық футболшы командадан кетеді. 

Айта кетейік, Драган Черан биыл Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Ал Transfermarkt порталы ойыншыны 850 мың еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×