Тәжікстандық маман Виталий Левченко бапкерлік мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ресейлік журналист Александр Троицкий “Нефтчи” командасын биылғы маусымда 24 жылдан кейін Өзбекстан чемпионы атандырған Виталий Левченко клубтан кетуге дайындалып жүргені жайлы хабарлап, оның келесі жұмыс орны Қазақстан болуы ықтимал екенін жазды.
Виталий Григорьевич Ферганалық клубпен қош айтысуға дайын. Оның орнын Азия кубогының жеңімпазы, Өзбекстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Ислом Исмоилов басуы мүмкін.
Журналист Левченкоға Қазақстан тарапынан назар бар екенін алға тартты. Қай клуб екені нақты аталмағанымен, Троицкий өзінің талдауы арқылы ең ықтимал нұсқа ретінде “Ертісті” атады.
Оның айтуынша:
"Маған клубты нақты айтпады, бірақ мен өзім бірнеше нұсқаны саралап, “Ертіске” тоқталдым. Дегенмен бәрін уақыт көрсетеді. Левченко тіпті Украина чемпионатына да кетіп қалуы мүмкін.” — деп жазды ол телеграм арнасында.