“Бішкек Сити” клубы алдағы уақытта өзбек кәсіпкерлерінің меншігіне өтуі мүмкін.
Осы жылы ғана құрылған ұжым Қырғыз Премьерасында 14 команданың ішінен 13 орынды алды.
Өзбекстанның ірі инвесторлары бұл клубқа қаржы құйып, өз футболшыларын тартпақшы екен. Миллийлердің U19 командасы да “Бишкек Ситиге” құрама аяқдопшыларын тәжірибе жинақтау үшін жіберуге келісімін беріпті. Егерде Қырғыз клубы жергілікті бюджетке қанағат етпейтін болса, онда көршілес елден ағылып келетін футболшыларға командада ойнауына кедергі келтірмеуі тиіс.
Айта кетейік, Өзбекстан елі Қырғызстанға жан-жақты қаржылай көмек көрсетуде. Мәселен, Бишкек Сити сауда үйінің құрылысына өзбекстанның кәсіпкерлері 1,5 млдр доллар қаржы салған.