Өзбекстан қандай жағдайда Әлем біріншілігіне шығады? Ертең Иранмен аса маңызды матчта ұтылмауы тиіс

24.03.2025, 19:40

Өзбекстанға еңбек сіңірген бапкер Дмитрий Ан өзбек құрамасының ӘЧ-2026-ға шығу мүмкіндігі жайлы айтты.

Өзбекстан қандай жағдайда Әлем біріншілігіне шығады? Ертең Иранмен аса маңызды матчта ұтылмауы тиіс
Өзбекстан құрамасы

Өзбекстан құрамасы мен мәскеулік «ЦСКА» клубының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаевты баптаған маман Иранмен болатын кездесуден үлкен үміт артатынын алға тартты. 

«Өзбекстанның кезекті жеңісінен кейін Әлем біріншілігіне шығу мүмкіндігі айтарлықтай артып отыр. Мұны барлығы күтуде, алғашқы Әлем чемпионаты. 25-наурызда жанкүйер боламыз - Иранмен ойын. Оңай болмайды әрине, десек те бірдеңе болсын алып қайтатын шығар, тіпті бір ұпайдың өзі керемет болар еді. Жігіттердің құлшынысы сұрапыл қазір. Өзбекстанда футболдың танымалдығы кәдімгідей артқан, алаңдар жанкүйерге лық толады. Қолдау керемет. Әлем чемпионатына шығамыз деп үміттенемін», - деді белгілі бапкер «Чемпионат» порталына. 

Өзбекстан іріктеудің аяғына дейін 3 тур қалғанда 16 ұпаймен екінші орында келеді. Көш басындағы Ираннан 3 ұпайы кем, бірақ өзінен кейінгі қарсыластарынан 6 ұпай алда тұр. Айта кетейік, ӘЧ-ге Азиядан тікелей өз тобында бірінші-екінші орын алған командалар шығады. Өзбекстан ертең Иранмен сырт алаңда жолығады. Бұл Азия іріктеуінің сегізінші тур аясындағы кездесу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×