Өзбекстан командасы Абат Айымбетовке көз тікті

“Пахтакор” командасының қатары қысқы трансферлік ауысымда Абат Айымбетовпен толығуы мүмкін еді. 

Өзбекстан командасы Абат Айымбетовке көз тікті

28 жастағы ойыншыға “Астанадан” кеткен кейін 4 команда қызығушылық білдірді. Олар “Стяуа”, “Карабах”, “Адана” және “Пахтакор”. Алайда ойлана келе, Абат Түркия Суперлигасында бағын сынап қайтуды құп көрді. Жалпы “Стяуа” мен “Карабахқа” қарағанда “Пахтакор” ұжымы Айымбетовті қатарына қосуға жақын болды. Бірақ футболшының соңғы шешімі “Аданаға” түсті. 

Қазақстан құрамасы ойыншысы “Адана Демирспор” ұжымына ауысқалы бері 5 ойын өткізді. 

Өзбекстандық клуб еліміздің жұлдызды шабуылшысын жазғы трансферлік ауысымда командаға шақырып көру жұмыстарын жасамақ ниетте. Ташкенттік ұжым Абаттың ойынын жібермей бақылап жүр екен.

“Пахтакор” - Өзбекстанның ең титулды клубтарының бірі. Аталған ұжым ішкі біріншілікте 15 рет чемпион атанған. Одан тағысы, Азия Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шыққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×