
Өзбекстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Азия Кубогының чемпионы атанды. Финалда Сауд Арабиясына қарсы өнер көрсеткен Өзбекстандықтар, алғашқы таймда екі қызыл қағаз алып, алаңда 9-ақ ойыншымен қалса да, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Өзбекстанның U-17 санатындағы екінші Азия Кубогы, олар алғаш рет бұл титулды 2012 жылы жеңіп алған болатын.
40-минут: Шабуылшы Нұрбек Сарсенбаев қарсылас ойыншымен қақтығыстан кейін, жерде жатқан кезде әдейі тепті деген шешіммен қызыл қағаз алды.
45+2-минут: Оң қапталдағы қорғаушы Миразиз Абдукаримов гол соғатын мүмкіндікті ереже бұзу арқылы тоқтатқан соң, екінші қызыл қағазды алды.
50-минут: Мұхаммад Хакимов пенальтиді дәл орындап, есепті ашты – 1:0.
70-минут: Қақпашының ұзын пасын алған Садриддин Хасанов сол қанаттан қарсыласты алдап өтіп, қақпашының аяқтарының арасынан допты өткізіп жіберді – 2:0.
Асилбек Әлиев – турнирдің сұрмергендер (5 гол) көшін бастаса Садриддин Хасанов – турнирдің ең үздік ойыншысы атанды.
Өзбекстан құрамасы ширек финалға шыққан сәтте-ақ 2025 жылғы FIFA U-17 Әлем чемпионатына жолдама алған. Бұл турнир Катарда, 3–27 қараша аралығында өтеді.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET