Өзбекстан құрамасы Әлем біріншілігіне тағы бір қадам жақындады

21.03.2025, 18:56

Кеше Өзбекстан командасы Ташкентте Қырқыз құрамасын қабылдап, 1:0-мен жеңіске жетті.

Өзбекстан құрамасы Әлем біріншілігіне тағы бір қадам жақындады
Өзбекстан - Қырғызстан кездесуі

Ойындағы жалғыз голды 40-минутта Ходжақбар Алижонов салған. 

Алаң иелері матчта толық басымдық танытып, бірінші таймда пенальти тебу мүмкіндігіне де ие болды. Бірақ, Эльдор Шомуродов айып соққысынан мүлт кетті. Өзбекстан құрамасының сапында жуырда «Манчестер Сити» сапын толықтырған қорғаушы Абдукадир Хусанов та доп тепті. 

Өзбекстан Азия іріктеуінің 7 турынан кейін 16 ұпаймен А тобыные екінші сатысына жайғасқан. Бұл топта 19 ұпаймен Иран көшбастап тұр. 

Айта кетейік, Әлем біріншілігіне Азия іріктеуінің әр тобынан алғашқы екі орын алған командалар шығады. Қазірше Өзбекстан құрамасында тамаша мүмкіндік бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×