Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе Қазақстан құрамасын баптау туралы сұраққа жауап берді.
"Егер бос болсам, неге қызықпасқа? УЕФА турнирлерінде өзімді сынап көру қызық болар еді. Қазақстанда өмір сүргенмін, футбол да ойнадым. Егер нақты мақсаттар қойылып, қызықты жоба ұсынылса, бұл шақыруды қабылдауға болады.” – деді Кападзе Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Қазақстан футбол федерациясы бапкер іздеу кезінде осындай тәжірибелі және аймақ футболын жақсы білетін маманды қарастыруы мүмкін деген болжамдар айтылуда.