Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе Англияда жұмыс сапарында жүр.
Соңғы CAFA Nations Cup турнирінде ұлттық құраманы чемпион еткен маман Лондон мен Манчестерде Премьер Лига ортасын зерттеп, жоғары деңгейлі футбол үрдістерімен танысуда.
Кападзе Англияда болған сапары аясында бірнеше Премьер Лига матчтарын стадионнан бақылады. Атап айтқанда, ол “Манчестер Сити”командасының соңғы ойындарына қатысып, Гвардиоланың ойыншыларының ойын стилі мен тактикалық тәсілдерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Бүгін 44 жастағы бапкер “Манчестер Сити” жаттығу базасына барып, команданың жаттығу процесін бақылады. Сол жерде ол клубтың жаттығу әдістемесімен танысып қана қоймай, команда ойыншыларымен тікелей қарым-қатынас орнатты. Мұндай тәжірибе Қападзе үшін өте маңызды, себебі Еуропаның жетекші клубтарының бірінде тәжірибе алмасу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді.
Сонымен қатар, Кападзеның ұлттық құраманың бас бапкері ретінде болашақ рөлі әлі нақты емес. Өзбекстан футбол федерациясының соңғы келіссөздері мен жаңа нұсқалары футбол жанкүйерлері арасында түрлі болжамдарға себеп болып отыр.